Есімовтің "ЭКСПО-2017"-нің құрылысы туралы есебі кеңес мүшелерінің көңілін көтеріп тастады

Опубликовано:

«Астана «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов  құрылыс нысаны туралы сұрақтарға жауап беріп, көрмені ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жайында құрылған қоғамдық кеңес мүшелерінің көңілін көтеріп тастады деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Құрылыс туралы не айтуға болады?... Ол жалғасып жатыр», — деп сөзін күліп бастаған басшыны қолдап, артынша кеңес мүшелері де күліп жіберді.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған.

«Сіздер осында былтырғы жылдың қаңтар айында келдіңіздер. Өздеріңіз көріп тұрғандай ол кезге қарағанда жағдай біршама өзгерген. Биыл қиындықтар көп кездессе де, нәтижелі жыл болды. Оған көздеріңіз жеткен болар деп ойлаймын. Елбасы жасалып жатқан жұмыстарға жақсы бағасын берді», — деп қосып қойды ол.

Сондай-ақ, көрменің құрылысына жауап беретін компания басшысы 300 млрд теңгенің үнемделгенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Шу тұрғындары Майра Рысманованың салтанатпен өткен жерлеу рәсіміне наразы болды

Алматы облысында дүниеге келген үшемге жомарт кәсіпкерлер 3 бөлмелі пәтер сыйлады

Төңкеріліп жатқан шаңырақ ақтөбелік тұрғындардың ашуын келтірді

Шымкенттегі жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат қайтыс болды

Ердоған Ресей елшісін өлтірген адам кімнің жақтасы екенін айтты

Өмірде жақсылық барына сендіретін 2016 жылғы ең жылы суреттер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1355794-esimovtinh-ekspo-2017-qurylysy-turaly-ber/