Бердібек Сапарбаев: Қазақ қыздары асылып өліп, шаш жұлыспаған (фото)

Опубликовано:

23 желтоқсанда халықпен кездесу өткізген Ақтөбе облысының әкімі қоғамда болып жатқан жағдайларға пікірін білдірді. Қоғамдағы бала тәрбиесі мен қазақ қыздарының жайын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«Қашан қазақ қыздары асылып өліп еді? Қазақ қыздары қашан бір-бірінің шашын жұлды? Қашан олар төбелесіп еді? Қазақ қыздары асылып өліп, шаш жұлыспаған. Қазір жастардың арасында түсік жасату да көп. 13-14 жастағы қыздар жүкті болып жатыр. Оны шешесі білмей ме? Шешесі қызының түнде жүретінін, таң ата келетінін білмейді ме? Неге олар баласынан сұрамайды. Тәрбиелі отбасының балалары кешкі сағат онда үйінде болады. Сондықтан өзіміз жөндеуіміз керек. Бұлай болмайды», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Әкіммен кездесуге келген тұрғындар жастар арасында ажырасудың көбейіп кеткені туралы мәселені де көтерді.

«Жастардың ажырасуына не себеп? Тәрбие! Оны беретін ата-ана. Полиция оларға ештеңе істей алмайды. Сіздер, біздер болып қыздарымызға, балаларымызға жақсы тәрбие беруіміз керек», - деді әкім.

Облыс әкімі қара жамылған қазақ қыздарының тағдырына алаңдайтынын айтты.

«Жат ағымнан адасқандар туралы көркем фильм мен қойылымдар көрсетіп жатырмыз. Басқалар түсінсін деп. Кеше көрдіңдер, 25 жастағы жігіттер жылап отыр. Қайтып келейін десе жол жоқ. Өмір бойына түрмеде отырады. Осыны жастар көріп, ойлану керек. Ата-ана баласының қайда жүргенін, немен айналысатынын білу керек. Кішкентай баланы қап-қара киіндіріп қояды. 5 жастағы балаға намаз оқытамыз, жаңа туған балаға екпе жасатпаймыз. Сонда не болады? Біз қайда барамыз? Неге болашағымызды ойламаймыз? Ағайындар, бұлай болмайды. Мұнымен бәріміз бірігіп айналысуымыз керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Тұрсынбек Қабатов неге жылады, танымал дизайнерді "шошқаға" теңеген әнші кім?

Теңге бағамы жарты жылда алғаш рет рекордтық деңгейге көтерілді

Әкімнің тоқалы болғысы келетін қазақ қызы жалпақ жұртқа жар салды

Африкалық футболшы Қазақстан азаматтығын алғысы келеді

Қоқыс арасында отырып, бар зейінімен сабақ оқыған бала әлем жұртшылығын сүйсінтті (фото)

Ресейлік келіншек өзгенің баласын құтқарамын деп барысқа таланып қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1357262-berdibek-saparbaev-qazaq-qyzdary-asy/