Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан билігі Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуы мүмкін

Опубликовано:

Аустрия түрмесінде қайтыс болған Рахат Әлиевке қатысты Қазақстан билігі қылмыстық қудалауды тоқтатуы мүмкін деп хабарлайды 31 арна.

Бас прокуратура таратқан мәлімет бойынша, экс елшінің өлімін анықтау үшін Қазақстан тарапы Аустрияның құқық қорғау орындарына барынша заңдық көмек көрсетуге әзір.

Бұған дейін профессор Бринкман "Әлиев өз-өзіне қол жұмсап өлді деген ресми ақпар қате, оны кемінде екі адам тұншықтырып кейін асып кеткен" деген мәліметті таратқан.

Немістің әйгілі сарапшысы Әлиевтің өлімінен кейінгі құжаттар мен суреттерді қарап, ол кісі қолынан қаза тапты деген қорытынды жасаған. Қазақстан тарапы бұған дейін де бірнеше мәрте Әлиев өлімін тексеруге ұмтылып, Аустрия билігіне хат жолдаған.

Рахат Әлиев 2007 жылдан бері халықаралық іздеуде болып, 2008 жылы сырттай 40 жылға сотталған еді. Ал 2014 жылы 5 маусымда Вена қаласында ұсталған Әлиев 2015 жылдың 24 ақпанында түрмеде өлі күйінде табылған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Үндістанда діни рәсім кезінде 40 адам бірін-бірі таптап кетті

Ақтауда балалығының қалай өткенін білмей қалған ересектерге арнайы балабақша ашылды

Шымкенттегі жаңа әкімдік маңындағы көпқабатты жаңа үйлерді сасық су басып жатыр

Алматы облысында қызметкерлерінің сыйақысын өз атына жазған басшы шатылып жатыр

Шымкентте террорлық әрекет жасамақ болғандар сотталды

Алматыда жас отбасы сәбиінің өліміне медбикені айыптап сотқа жүгінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1359366-qazaqstan-biligi-rakhat-alievke-qatys/