Ақтөбе қаласы әкімінің ұйықтап отырғанын дәлелдеу үшін бірнеше куәгер керек

Опубликовано:

Ақтөбе қаласы әкімінің ұйқымен күресіп отырған видеосы БАҚ өкілдерінің назарына бірнеше рет түскен болатын. Әкім өзінің ұйықтап отырғанын мойындаған жоқ. Облыстағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы әкімнің оғаш әрекетін анықтау үшін дәлел керектігін айтады.

«Қалғып кету» деген нәрсені дәлелдеу өте қиын. Ол адам көзін жұмып қалуы мүмкін. Әрине, мемлекеттік қызметкерге бұл жөнінде айтамыз. Осындай сын болып жатқанын олар түсінеді. Сергек жүру керек. «Жиналыста ұйықтап қалыпсың» дегенді ешкім мойындамайды. Оған бірнеше адам куә болу керек. Сондықтан БАҚ өкілдері көтерген сындар мемлекеттік қызметкерлерді сергектікке шақырады деп ойлаймын», - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышев.

Агенттік басшысы мемлекеттік қызметкерлерге қатысты заңда «ұйықтап отыру» мәселесінің көтерілмегендігін ашып айтты. Жиындарда басын көтере алмай, қалғып отыратындарға шара қолданылмауы да мүмкін.

«Мемлекеттік қызметке кір келтіруге қатысты әрекеттер заңда анық көрсетілген. Жаңағыдай қалғып-шұлғуды біздің заңгерлер «Ондай мәселе болмайды» деп есептеген бе, мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетпеген. Ол үшін жауапқа тарту деген норма жоқ. Әрине, біздің мемлекеттік қызметкерлер арасында көптеген ауызша да сындар айтылып жатады. Оларға ауызша сынның өзі әжептәуір тәрбиелік жұмыс деп ойлаймын», - дейді Тоқышев.

Басшының түсіндіруінен қала әкімі БАҚ беттерінде күлкіге қалған әрекеттерінен сабақ алу керек дегенді түсінуге болады. Мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін қарайтын басшы журналистерге алғыс айтты.

«Техника да ескіреді. Сол секілді адам организмі де шаршауы мүмкін. Ештеңені жоққа шығармаймыз, мен өзім журналистердің белсенділігіне алғыс айтамын», - дейді ол.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышевтың жыл ішінде жасалған жұмыстар мен мемқызметкерлердің кешенді аттестацияға қатысты баспасөз кеңесі кезінде тек қала әкімінің әрекетіне қатысты сұрақтарға қызықты.

«Бейнежазба болса, бізге оны арнайы жіберіңіздер, талқылап қарайық», - дейді Тоқышев.

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 12 рет әдеп кеңесі өткізілген. 22 мемқызметкердің ісі қаралған. Оның ішінде 2 адам қызметінен кеткен. 12 адамға қызметіне сай емес деген шешім қабылданған.

Тағы оқыңыздар:

Әлемнің ең сұлу теннисшілерінің бірі спорттағы мансабымен қош айтысты (фото)

Испандар адамнан «мұнара» тұрғызып, әлемнің назарын өздеріне аударды (видео)

Қазақстанның жаңа Қаржы вице-министрі тағайындалды

500 метр биіктікте намаз оқыған мұсылмандар елдің өзіне қаратты (фото)

Алматыда 3 көше ұзартылып, тағы 3 жол айрығы салынбақшы

9-жасар қыздың сахнадағы биі желі қолданушыларының ашуына тиді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1362454-aqtobe-qalasy-akimininh-uyyqtap-otyrgh/