Мемлекеттік құпияларды заңсыз жариялады деген күдікпен Майлыбаев қамауға алынды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"2017 жылғы 12 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен президент әкімшілігінің қызметкерлері болған Бағлан Майлыбаев және Николай Галихинді ұстады. 14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді", - делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланады.

Тағы оқыңыздар:

"Келін" фильмінде төсек сахналарын ойнаған актриса Ермек Тұрсыновтың "өтіріктерін" елге жайып салды

Бішкек маңындағы ұшақ апатынан 32 адам қаза болды (фото, видео)

Мессиді Иньеста мен Неймардан жоғары қойған директор қызметінен қуылды

Мұхтар Тайжан қоғамдық орындарда қазақ әндерін қосуды талап етті

Рио-да жүлде ала алмаған боксшы «Астана Арланстың» жаңа капитаны болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1376635-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-baghlan-m/