Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы 20 жылда істі болған танымал шенеуніктер кімдер?

Опубликовано:

Қазақстан дербес ел болғалы экономикалық дамуына тұсау болып келе жатқан жемқорлық кеселінен әлі арыла алмай келеді. Оған қадам жасалмады емес, осы күнге дейін онымен күрес жалғасып та жатыр. Соңғы 20 жылда президент әкімшілігі, үкімет, ұлттық компаниялар, түрлі органдарда жоғары лауазымда  отырып істі болғандар саны жетерлік. Бірақ, әзірге одан нәтиже болмай тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

Сонымен, әр жылдарда  сотталған, істі болған жоғары лауазым иелерін еске түсіріп көрейік.

Президент әкімшілігі

Бағлан Майлыбаев — президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары

Шенеунік 2017 жылдың 12 қаңтарында тұтқындалды. Майлыбаевқа мемлекеттік құпияны жария етті деген айып тағылған.

Үкімет мүшелері

Әкежан Қажыгелдин — премьер-министр

Шетелге қылмыстық іс бойынша тергеу басталмай тұрып кетіп қалған шенеунікке қазақстандық сот 2001 жылы сырттай жеке мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Мұхтар Әблязов — энергетика, индустрия, сауда министрі

2005 - 2009 жылы БТА банкінен қаржы жымқырды деп айыпталды. Қазір шетелде. Оны Франция үкіметі 2013 жылы ұстады. 2014 жылы қаңтарда төменгі инстанциялық француз соты банкирді экстрадициялау туралы үкім шығарды, алайда сәуірде бұл шешімді кассациялық сот қабылдаған жоқ. Өткен жылдың соңында Францияның мемлекеттік кеңесі оны Ресейге экстрадициялаудан бас тартты.

Виктор Храпунов — төтенше жағдайлар министрі, энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, энергетика және табиғи ресурстар минситрі, ШҚО әкімі, Алматы әкімі

2008 жылы сәуірде істі болған Храпунов Швейцарияға көшіп кетті.

Жақсыбек Күлекеев — экономика және сауда министрі, білім және ғылым министрі

2008 жылдың қараша айында лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан және одан кейінгі бес жылда жетекшілік қызметте отыру құқығынан айырылды. Пара алу жөніндегі істе ақталып шықты. Қазір бостандықта жүр.

Серік Бүркітбаев — транспорт және коммуникация министрі, «ҚазМұнайГаз» президенті

2009 жылы оны жалпы режимдегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айырған. Еркіндікке 2012 жылдың 16 қарашасында шықты.

Нұрлан Ысқақов – қоршаған ортаны қорғау министрі

2009 жылы 15 қазанда бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен 4 жылға сотталды.

Жақсылық Досқалиев — денсаулық сақтау министрі

2011 жылы 5 тамызда сот шенеунікті қатаң режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айырды. 2012 жылы қаңтардағы президенттің рақымшылығының аясында Досқалиевті сол жылдың наурыз айында бостандыққа шығарды.

Серік Баймағанбетов — Ішкі істер министрі, қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы

2013 жылы 8 қаңтарда жеке мүлкін тәркілеу арқылы қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы 19 ақпанда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

Серік Ахметов — премьер-министр

2015 жылы 11 желтоқсанда сот оған жалпы режимдегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Серік Ахметовті жемқорлыққа қатысты айыптады.

Қуандық Бишімбаев – ұлттық экономика министрі

2017 жылдың 13 қаңтарында тұтқындалды. Сот үкімі шыққан жоқ. Бюджет қаржысын талан-таражға салды деп күдіктеліп отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Әлнұр Мұсаев – ҰҚК төрағасы

2008 жылы Ақмола әскери трибуналының жабық отырысында оны билікті күшпен тартып алу әрекеті үшін, отанына сатқындық жасағаны, мемлекеттік құпияны жария еткені, дүние-мүлік, кісі ұрлағаны үшін 35 жыл бас бостандығынан айыруға жаза кесілді. Барлық мемлекеттік наградалардан айырылған. 2007 жылдан бері шетелде тұрып жатыр.

Нұрлан Жоламанов — ҰҚК шекара қызметінің директоры

Ол 2015 жылы 6 наурызда пара алды деген айыппен 11 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге кесілді.

Нартай Дүтбаев — ҰҚК төрағасы

Ол 2016 жылы желтоқсан айында мемлекеттік құпияларды жария етті, өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен тұтқындалды. Ұлттық қауіпсіздік қызметі соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар

Мұхтар Жәкішев – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті

2010 жылы 12 наурызда оны қылмыстық кодекстің 176 (оған сеніп тапсырылған біреудің мүлкін талан-таражға салу) және 311 («пара алу») баптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырып, одан кейінгі 7 жыл көлемінде мемлекеттік қызметке тұру құқын жойды.

Серік Тұржанов — Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы

2010 жылы 2 шілдеде халық санағы үшін бөлінген ақшаны жымқырғаны үшін 9 жылға сотталған.

Мұрат Үкшебаев —Алматы метросының директоры

2015 жылы 24 желтоқсанда метро құрылысына бағытталған қаржыны мақсатсыз жұмсағаны үшін 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Бақыт Жақсыбаев —«Бәйтерек Development» АҚ басқарма төрағасы

Ол былтыр 30 қарашада тұтқындалды. Пара алды деп күдіктеліп отыр. Қазір тергеу жұмыстары  жүріп жатыр.

Руслан Ерденаев — «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы

Жыл басында зейнетақы қоры мен жекеменшік компанияның арасындағы күдік тудырған шарт үшін тұтқындалды. Қаржылық операция нәтижесінде БЖЗҚ 5 миллиард теңгесінен айырылды.

Өзге мемлекеттік органдар

Анар Мешімбаева — Статистика агенттігінің төрайымы

2014 жылы 14 ақпанда 7 жылға сотталды. Ол ұлттық санаққа қажет бланк дайындауға арналған қаржыдан 700 миллион теңге жымқырды деп айыпталды. Сондай-ақ Мешімбаеваға қызметін асыра пайдаланды деген кінә тағылды.

Өмірзақ Өзбеков – жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы

2013 жылы өз қызметін асыра пайдалану, сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін меншіктеп алу және талан-таражға салу, мүлік тәркілеу арқылы қылмыстық әрекетке бару мақсатында ұйымдасқан топ құру және жетекшілік ету істері бойынша 10 жылға сотталды.

Мұрат Оспанов — Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы 

2015 жылы 300 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін 1 миллиард теңге айыппұл салынды.

Тағы оқыңыздар:

Сәбина Алтынбекова сұлулығы жөнінен Бразилия қыздарын артта қалдырды (фото)

Ақтауда 6 жасар Виканы зорлаған күдікті ақталып шығатынына сенімді

Қара түтіннен мазасы қашқан астаналықтар желді аңсап отыр (фото, видео)

Қазақстанда ең көп ұрланатын көліктер анықталды

Ұлттық экономика министрі: Туған тілімді ұмытып қалдым

АҚШ-тың экс-президенті ауруханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1379383-sonhghy-20-zhylda-isti-bolghan-tanymal-sheneu/

pixel