Әкімнің орынбасары: Бір орында ұзақ отырған адамның көзін шел басады (видео)

Опубликовано:

Facebook әлеуметтік желісінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың әлдебір мектеп басшысының жұмысына көңілі толмай сынға алып жатқан видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода шенді мектептегі білім сапасы нашар екенін айтып, ұстаздардың оқушыларға жаны ашымайтынын айтады. Сонымен қатар, Жақсылық Омардың айтуынша, мектепте білім дұрыс болмаса, одан дұрыс маман шықпайды, ал дұрыс маман болмағаннан кейін ол ертең ел экономикасына жұмыс істемейді.

"Сіздер соның бәрін ойлау керек едіңіздер. Ал сіздер ойламайсыздар. Себебі жандарыңыз ашымайды. Жаны ашымағанның бас ауырмас дейді қазақ. Негізі ұзақ отырғандарды қарау керек, өйткені адам ұзақ отырса көзін шел басады. Бәрі үйреншікті болып кетеді, сосын жұмыс та нәтижесіз болады", - деп шүйлікті шенді.

Видео Алтынбек Құмырзақтың Facebook парақшасынан алынды

Тағы да оқыңыздар:

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Жерге түкіріп, темекі шеккен полицейдің қылығы ақтөбеліктердің ашуына тиді (видео)

Ұлттық бюро Әбілязовке тез арада Астанаға келуді бұйырды

Қазақстан Универсиада ойындарында төртінші алтынды жеңіп алды

Қазақстанның қоржынына үшінші алтын түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1396408-akimininh-orynbasary-bir-orynda-uzaq-o/