Жолдың нашарлығын желеу еткен аудан әкімдері жаппай қымбат көлік мініп жатыр

Опубликовано:

Қостанай облысында екі ауданның әкімдігі 21-23 млн теңгелік көліктерге тапсырыс беретінін мемлекеттік сатып алулар порталына жариялаған. Неге қазақстандық шенеуніктер люкс санатындағы көліктерді таңдайтынын «Время» басылымы анықтап көрді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Денисовский ауданы әкімінің аппаратындағылар қымбат көліктің не үшін қажет екенін журналистерге түсіндіруге тырысты. Айтуларынша, 23 млн теңгелік жол талғамайтын көлік ауылдың жолы нашар ең шалғай жерлеріне жету үшін қажет екен.

Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында да басты себеп ретінде жолдың нашар болуын алға тартты. "Әсіресе қыста ондай жолдармен жүру қиын", - дейді олар.

Ал бағасы неғұрлым қымбат болса, көлік те соғұрлым сапалы болады деп сенетін шенеуніктер мұндай көлік кемінде бес жыл жөндеу жүргізуді қажет етпейтінін еске салды.

Сол арада, Денисовкада KIA Mohav көлігінің жөндеуде жатқанына төрт айдан асқаны белгілі болды. Көлікке кепілдік бар болса да, оған қосалқы бөлшектер табылмаған. Байқау барысында әкімге дәл осындай көлік сатып жібермесіне ешкім кепіл бере алмайтын болып шықты.

"Время" басылымының рұқсатынсыз ақпаратты көшіріп, пайдалануға болмайды.

Тағы оқыңыздар:

Ел билігіндегі ең сымбатты шенділер кімдер?

Өзін "Коре" руынан санайтын кәріс қызы қазақ тіліне ессіз ғашық

Баян Есентаева сүйіктісі екеуіне тап берген бойжеткеннің кім екенін айтты

Жасанды өнімдер адам денсаулығына қаншалықты зиян тигізеді?

Белгісіз біреулер тікелей эфирде екі журналисті өлтіріп кетті

Марсқа қала салынатыны рас па? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1411269-audandyq-akimder-zhaman-zholdardynh-kes/

jitsu gif