Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Ер азамат ашуланса - сабырға, араздасса - пәтуаға шақыру керек

Опубликовано:

Отбасының берекесі әйелдерге байланысты. Ақордада 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымымен кездескен президент Нұрсұлтан Назарбаев әйелдерді сабырлы, ақылды, парасатты болуға шақырды.

"Біз тәуелсіздігінен жаңылмаған елміз. Барды бағалап, көздің қарашығындай сақтай білген халықпыз. Әрі қарай да осыны сақтай білуіміз керек. Осыны жастарға үйретіп, өздерің де үйреніп, тәрбие беріп, бәрімізге ортақ парыз деп санау қажет. "Тату үйде тақсырет болмайды" дейді. Ер азаматтар ашуланса, сабырға, араздасса, пәтуаға шақырыңыздар. Елді берекелі ету сіздерге байланысты", — деді елбасы.

Мемлекет басшысы осы жерде әйелдерге отбасы берекесіне байланысты  әңгіме айтып берді.

"Бір әңгіме естіп едім. Бір шағын қалада көрші екі жанұя тұрыпты. Қабырғаның арғы жағында біреуі, бергі жағында екіншісі тұрады. Бір үйде тып-тыныш, ылғи күлкі, әдемі әңгіме, екінші үйде ылғи ұрыс-төбелес болады да жатады екен. Ұрыса беретін үйдің әйелі бір кұні өзінің еріне көрші үйде не болып жатқанын тыңдап келуге жібереді. Ол жасырын барып, сығалап, қарап отырады. Көрші үйдің әйелі үйді жинап жүріп, қымбат вазаны столдың шетіне қояды.

Жұмыстан келген күйеуі үйде жүріп, әлгі қымбат вазаны құлатып, сындырады. Сығалап отырған адам енді ұрыс-төбелес болады деп ойлайды. Бірақ керісінше күйеуі келіп, әйелінен кешірім сұрайды, әйелі де одан вазаны үстелдің шетіне қойғаны үшін кешірім сұрайды. Үйіне келген әйелі ерінен не көрдің деп сұрайды. Ол "Бір-бірінен кешірім сұрайды екен. Біз кешірім сұрамақ түгілі, бір біріміздің кемшілігімізді мойындамаймыз. Әркім өзінің дұрыстығын айтады" деп жауап беріпті", — деген Назарбаев бұл әңіменің мәні зор екенін атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев жиі жолы болмайтын «Ордабасы» командасының ойынына өзі қатыспақшы

Күйсандықтың құлағында ойнаған 4 жасар бала жұртты таңғалдырды (видео)

Назарбаев нәзік жандыларды келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады

Әйгілі әнші қызына 26 мың долларға көйлек тіккізіп берді (фото)

Елбасы әйелдерге қалай ұнау керектігін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1431573-nazarbaev-ayelderge-er-azamat-ashulan/

pixel