Мұхтар Әблязовтың отбасы жайлы не білеміз? (фото)
Опубликовано:
Қазақстанда БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, Франция түрмесінде отырған экс-банкир қазіргі таңда бостандықта жүр. NUR.KZ оқырман назарына Әблязовтың отбасы жайлы материалды ұсынады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Франция мемлекеттік кеңесі Әблязовты экстрадициялаудан бас тартқан соң, экс-банкир француз түрмесінен бостандыққа шықты.
Әблязов 1963 жыл мамырдың 16 күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Галкино ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеудің инженерлі физикалық институтын «физик-теоретик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол Алма Шалабаевамен 1991 жыл бизнеспен енді айналыса бастаған кезде отау құрған.
Әблязовтың жары Алма Шалабаева 1966 жылы тамыздың 15 күні дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Математика" мамандығы бойынша бітірген.
Әблязовтың айтуынша, әйелі екеуінің тұңғыштары қыз болатынына сенімді болған.
"Оның дүниеге келуі толықтай біздің өмірімізді және менің болашақ мамандығымды өзгертті. Ол кезде мен физика ғылымдарымен айналысқан, университеттің ғылыми қызметкері болатынмын. Біз жатақхананың шағын ғана бөлмесінде тұрдық. Жас отбасымыз, жағдайымыз онша мәз емес. Мен ол кезде мен шахмат пен математикаға әуес едім. Қоғамдық өмірге де араласып үлгердім", - деп жазған.
Тоғыз метрлік бөлменің ылғалды, бір ғана жабық терезесі болған. Тіпті, бөлме ішінде түн жарымында тышқандар жүріп, Мадинаны "естен тандыратын". Кейіннен тоғыз айлық бала өкпесіне суық тигізіп, ауырды", - дейді Мұхтар.
Банкир өзінің сол сәтте ғана ғылыммен айналысудың көп табыс әкелмейтінін түсінген.
1988 жылдың сәуір айынан 1999 жылдың қазан айына дейін ол Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды.
1998 жылдан бастап Әблязов БТА банкінің төрағасы болып тағайындалды. 2005-2009 жылдар аралығында Мұхтар Әблязовқа БТА банкінен ақша жымқырды деген айып тағылды.
Экс-банкирдің бүгінде төрт баласы бар, олар: Мадина, Мадияр, Алуа және Алдияр. Мұхтар өз отбасын шыдамдылықтары үшін жақсы көретінін айтты.
Қазіргі таңда Мадина Әблязова - Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілиястың жары.
Әблязовқа қатысты қылмысты іс Ресей мен Украинада да қозғалған, дегенмен оны өздеріне қайтару нәтижесіне Ресей мен Украина ғана қол жеткізді. Себебі Астананың Парижбен экстрадициялау жайлы келісімі жоқ.
Қазақстанның қазіргі күшіндегі заңы сотқа айыпталушы келмеген жағдайда сыртынан істі қарастыру жағына қол жеткізбекші ( 335 ҚПК бабы).
Әблязовтың ісі бойынша қосымша сот тыңдалымы Алматыда наурыздың 17 күні өтеді.
Тағы оқыңыздар:
Данияр Ақышев: Менің жұмыс істеуіме ешкім кедергі келтірген жоқ
Канадада ұсталған Қазақстан тумасы шетелде шалқып өмір сүрген (фото, видео)
Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайдың туған күніне арналған ролик жарыққа шықты (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1440640-mukhtar-ablyazovtynh-otbasy-zhayly-ne-bil/