Қазақстан әскері әлемдік рейтингте Өзбекстаннан қалып қойды

Опубликовано:

Әлем бойынша ең мықты әскерге ие елдер тізімі жарияланды. Аталмыш тізімде Қазақстан 53 орыннан көрінді. Бұл туралы NUR.KZ порталы belaruspartisan.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық сарапшылар 127 елдің қарулы күштерін сарапқа салып, ең мықтылардың тізімін шығарды. Жыл сайынғы Global Firepower Index рейтингісінде Қазақстан 53-орыннан табылған.

Қазақстан тізімде Араб әмірлігін, Ирак, Ауғанстан, Түркіменстан, Әзірбайжан елдерін басып озыпты. Алайда Өзбекстан, Белоруссия мен Бангладештің қарулы күштерінен қалып қойған.

Рейтинг 50 көрсеткіш бойынша жасалды. Дегенмен, басты көрсеткіш ретінде қару түрлерінің алуандығы мен әскерге жарамды халық саны қарастырылды. Нәтижесінде, халық саны көп елдер көш басынан табылған.

Рейтингке сәйкес, ең мықты әскер АҚШ-та болып шықты. Одан кейінгі орын Ресейге бұйырса, үшінші орынды Қытай тұйықтады. Үздік ондықта Ұлыбритания, Франция, Түркия мен Үндістан бар.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мұхтархан Ділдәбеков: Қанат Ислам 3-4 жылда Головкинді қуып жетеді

Қазақстандықтар алдағы мереке күндері неше күн демалады?

Белді шенеуніктерге арналған Астана әуежайындағы жаңа VIP-терминал қандай? (фото)

Ақтөбеде теміржолшы әйел басшылықтан көрген қысымға шыдамай, екінші қабаттан секіріп кетті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1482247-qazaqstan-askeri-alemdik-reytingte-o/

jitsu gif