Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да еріншек шенеуніктер маңызды жиналысқа келмегені үшін ұятқа қалды

Опубликовано:

Коллегиялық органның төрағасы Өмірзақ Мелдеханов ОҚО-ның жиналысқа қатыспайтын жауапсыз шенеуніктерін жазаға тартуды ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Барлығы бес мәселе көтерілуі тиіс болған отырысқа есеп беретін екі шенеунік келмей қалған.

Нәтижесінде олардың орнына кеңес төрағасы өзге мәселені талқылауды жөн санады. Нақтырақ айтқанда шенеуніктердің өз міндетіне жауапсыз қарау мәселесі.

"Заңға сәйкес, қоғамдық кеңес отырыстарына қатыспайтындарды мүшеліктен айыру керек", - дейді ол.

Ал есеп беруге дайын болмай келген ауылшаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы Кеңес Алпысбаев Мелдехановтың ашуын еселей түсті. Ол жиында қойылған сұраққа жауап бере алмаған.

Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов болса, отырысқа келмеген шенеуніктерді жазаға тартатынын мәлімдеді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мұрат Қожа үш қызымен тастап кеткен айдай сұлу ару кім? (фото)

Танымал алматылық уағызшы өзінің салафит атанғанына өкініп қалды (видео)

Манчестердегі жарылыс: Концертте 6 қазақстандық студент болған

Ринат Зайытов қытайлықтан қазақша сөйлеуді талап еткен Сапарбаевтың ерлігін айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1501123-oqo-da-zhinalysqa-kelmey-qoyghan-zhauaps/