Елбасы Головкинге: Сен тартысты жекпе-жекте табандылық таныттың
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.
Тағы оқыңыздар: Әйгілі боксшы Альвареске 118 ұпай берген төрешіні жұмыстан қууды талап етті
«Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің.
Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы – өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін», – делінген жаделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1620148-elbasy-golovkinge-sen-tartysty-zhekpe/