Мирболат Жақыпов президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
Опубликовано:
Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Жалпы бөлім меңгерушісі тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Ал осыған дейін бөлімді басқарған Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1715693-mirbolat-zakypov-prezident-kimsiligindegi-kyzmetinen-bosatyldy/