Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан халқын латын әліпбиіне көшірудің үш кезеңі белгілі болды

Опубликовано:

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов латын әліпбиіне кезеңдеп көшу жоспарын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстан халқын латын әліпбиіне көшіру жоспары үш кезеңге бөлінді
Қазақстан халқын латын әліпбиіне көшіру жоспары үш кезеңге бөлінді: UGC

Бірінші кезең (2018 – 2020)

Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізіледі. Латын графикасы негізінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленетін болады.

Екінші кезең (2021 – 2023)

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде беруді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Филологтар, ғалымдар мен лингвистерді тарта отырып, халықты үйрету үшін семинарлар, курстар ұйымдастырылады.

Үшінші кезең (2024 – 2025)

Мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік БАҚ және баспа басылымдардың айналымын латын графикасына кезеңдеп көшіру жоспарланған", — деді вице-министр үкімет отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1716707-kazakstan-halkyn-latyn-lipbiine-ksirudi-s-kezei-belgili-boldy/

pixel