Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіқалықов: Министрдің бастамасы - ұлтқа арналған ауқымды жоба

Опубликовано:

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өту жөнінде ұсыныс тастап, отандық басылымдардың біріне сұхбат берген болатын. Осы орайда, Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімер театрының директоры Сәбит Әбдіқалықов министрдің бастамасына қатысты пікір білдірді.

Сәбит Әбдіқалықов: Министрдің бастамасы - ұлтқа арналған ауқымды жоба
Сәбит Әбдіқалықов: Министрдің бастамасы - ұлтқа арналған ауқымды жоба: UGC

"Бүгінде бар қазақтың басын қосып, біріктіретін ұлық мерекеміз - Наурыздың кей жағдайларда назардан тыс қалатыны жасырын емес. Кейде Жаңа жыл мейрамының тасасында кетеді деп те ренжиміз.
Осы орайда, мәдениет басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының өз алдына жіктеп көрсеткен айшықты ұсыныстары - біздің ұлттық болмысымыздың жаңғыруына бағдар алған ауқымды жоба деп ойлаймыз. Сондықтан, бұл бастаманы қолдап, ондағы айтылған ойдың жүзеге асуына ықпал етуге толықтай негіз бар.

Елбасымыздың ұлт игілігі үшін жасаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" стратегиялық бағдарламасын негізге ала отырып, Наурыз мейрамын ұлықтауды қолға алған министр қоғамның барлық мәселелерін қамти келе, мына біздерге, өнер иелеріне жауапкершілігі мол жүк артып отыр.

Сол себепті ұлттық мереке аясында дәстүр мен мәдениетті сабақтастыра отырып ұйымдастырылатын іс-шараларды жоғары деңгейге жеткізу - парызымыз деп білеміз.

Осы тұста айта кету керек, театрымыздың қоржынында Наурыздың мән-мазмұнын ашып, кеңінен насихаттауға арналған спектакльдер мен қойылымдарымыз бар. Олардың дені "Ай мен Күн", "Наурыз думан" секілді атаумен балаларға арнап сахналанған. Сондай-ақ, 2017 жылы жас режиссеріміз Жұлдызбек Жұманбайдың "Базарың тарқамасын" атты музыкалық драмасын көрермен назарына ұсынған болатынбыз. Алдағы мейрамда, яғни, 22 наурыз күні аталмыш қойылымды Атырау жұртына тарту етпекшіміз.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурызды ең әуелі бүлдіршіндерге арналған мейрам етуден бастап, ұлттық киімді өзге елдерге үлгі ету, қызғалдақты эмблема ретінде бекіту, жаңа күнді бірге қарсы алу, Амал мерекесін тойлау, мазмұнды рухани шараларды қолға алу, қайырымдылық жасау, Қыдыр атаны дәріптеу секілді маңызды әрі нақты ұсыныстарын жасаған. Сондай-ақ, ұлттық ойын түрлерінен "Наурыз спартакиадасын" өткізу туралы да ой тастаған.

"Ұлы істер кішкентай бастамалардан тұрады" демекші, министр айқындап берген дүниелерді бүгіннен бастап қолға алсақ, ата-бабаларымыз бен келер ұрпақ алдындағы борышымызды өтеуге тамшыдай болсын үлес қостық дер едік", - дейді Әбдіқалықов мырза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1720021-sbit-bdikalykov-ministrdi-bastamasy-ltka-arnalgan-aukymdy-zoba/

pixel