Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы кезеңінде уақытша Білім және ғылым вице-министрінің қызметін Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов атқарады. Бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов. Фото: primeminister.kz
Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов. Фото: primeminister.kz: UGC

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша доктор (PhD) біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы «Алма» АҚ-да бастаған, Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Тағайындалғанға дейін Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1721375-bilim-zne-gylym-vice-ministri-tagajyndaldy/

pixel