CІМ Соловьевтің пікірі туралы: Біз арнайы шара қолданатын боламыз
Опубликовано:
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев тележүргізуші Владимир Соловьевтің Қазақстан мен Ресей арақатынасы туралы сөзіне пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Уақыт өте келе, өкінішке орай, біздің көршілес, бауырлас, достас елімізде осы сынды пікірлер айтылады. Ең алдымен, біз Ресейдің мемлекеттік органдарының ресми ұстанымдарына ғана назар аударамыз.
Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен саяси сарапшылар тарапынан болған небір ой-пікірлер қос мемлекет арасындағы бауырлас достық қарым-қатынасқа қандай да бір әсерін тигізбесі үшін біз арнайы шара қолданатын боламыз", - дейді Ашықбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1727177-cim-solovevti-pikiri-turaly-biz-arnajy-sara-koldanatyn-bolamyz/