Небәрі 32 жасында вице-министр атанған Дана Жүнісова жайлы не білеміз? (фото)
Опубликовано:
Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов үкіметтегі брифинг барысында жақында тағайындалған әріптестері Дана Жүнісова мен Мәдина Жүнісбекова туралы айтып берді деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Дана Жүнісовамен біз Евразиялық экономикалық одақ аясында төрт жылға жуық жұмыс істедік. Ол "Атамекен" палатасының атынан қатысты, сондықтан оның тәжірибесі көп. Шамамен осындай істермен айналысуын жалғастыруда.

Бүгін инвестициялық мәселе бойынша іссапарға кетті. Жеке қасиеті туралы айтар болсам, ол бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей қоймайды. Ол барлық мәселені соңына дейін апаратын, былайша айтқанда, мәселе шешілмегенше қайтпайтын жан", – деді Дәленов.
Мекеме Мәдина Жүнісбекованың жұмысқа жаңа тәсілмен кірісуін күтуде.
"Мәдина Жүнісбекова осыған дейін премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеді, экономикалық өсімді күшейту мәселелерімен айналысты.

Бірнеше министрліктің жұмыстарын байланыстырды, сондай-ақ бірнеше халықаралық ұйыммен серіктесе жұмыс істеді, стратегиялық жоспарлау мәселесімен айналысты. Біздің министрлікте ол осы блокпен айналыса береді.
Ол үшін бұл жаңа бағыт емес, бірақ біз одан жұмысқа жаңа тәсілмен кірісуді күтеміз. Тағы да қайталаймын, оның тәжірибесі мол. Бұл бағытта төрт жыл жұмыс істеген", – деді Дәленов.

Еске салсақ, 27 сәуір күні Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. Желі қолданушылары бұл жайтты қызу талқыға алып, "Дана Жүнісова осындай жауапты қызмет істеуге әлі жас" деген пікірлерін ортаға салған еді.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1732051-nebri-32-zasynda-vice-ministr-atangan-dana-znisova-zajly-ne-bilemiz-foto/