Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіз секілді тас жүрек адам басшы болмауы керек: ШҚО әкімі кімге ашуланды?

Опубликовано:

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аппараттық кеңес барысында баяндама жасап тұрған Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Сұлтановты сынға алды деп жазады kaz.altaynews.kz.

Даниал Ахметов. Фото: kaz.altaynews.kz
Даниал Ахметов. Фото: kaz.altaynews.kz: UGC

Шенеунік мүгедектерге қоғамдық көліктерді бейімдеу бағытында не атқарылғанын айтып жатқан болатын. Алайда Сұлтановтың есебі әкімнің көңілінен шықпаған.

"Білесіз бе облыста қаншама мүмкіндігі шектеулі жан бар екенін? Олар жүз мыңдап саналады. Оларға автобустарға мініп, түсудің өзі өте қиын. Ал сіз ештеңе бітіріп отырған жоқсыз, нақты іс жоқ.

Сіз секілді тас жүрек адамдар тиісті мемлекеттік лауазымды иеленбеуі қажет. Сол себепті тек міндетті атқарушы болып жүрсіз, сіз ешқашан басқарма басшысы бола алмайсыз, оны мен сезіп тұрмын", – деп айтып салды аймақ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1738271-siz-sekildi-tas-zrek-adam-bassy-bolmauy-kerek-sko-kimi-kimge-asulandy/

pixel