Қазақстандық елші Монако князімен кездесу үшін ұлттық киім киіп барды
Опубликовано:
Қазақстанның Франция, Португалия мен Монакодағы елшісі Жан Ғалиев Князь II Альберге сенім грамоталарын тапсырды деп Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сұхбат барысында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, сондай-ақ қаржы, «жасыл» технологиялар, туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланған.

Елші Монако Князіне мемлекет басшысының жолдауларындағы ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы, қазақстандық модернизациялау бағдарламаларын хабарлады. Кездесу кезінде Князь II Альбердің Қорымен «жасыл» технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға нақты қызығушылық білдірілді.

Өз кезегінде, Князь президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығындағы Қазақстанның дамуына лайықты бағасын беріп, Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1739828-kazakstandyk-elsi-monako-knazimen-kezdesu-sin-lttyk-kiim-kiip-bardy/