Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

I топтағы мүгедектердің қамқоршыларына жәрдемақының жаңа түрі енгізілді

Опубликовано:

Жәрдемақының бұл түрі кәмелет жасынан асқан І топтағы мүгедектердің қамқоршыларына төленеді. Мемлекет тарапынан мұндай көмекті 14 мыңнан астам отбасы алады деп көзделіп отыр деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: goldok.ru
Фото: goldok.ru: UGC

Бұған дейін бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар 18 жасқа толған соң, олардың ата-аналарына төленетін жәрдемақы тоқтатылатын.

Жәрдемақының бұл түрі 18 жастан асқан І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға төленеді. Оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшеріне тең немесе 29 699 теңге. Жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

Тек кәмелетке толмағандар, жүйке ауруы мен наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғандар қамқоршы бола алмайды. Оқиғаға қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің өкілі мәлімдеме жасады.

"Бір жанұяда екі мүгедек болса, мүгедекті бағып отарған әр адамға төленеді. Егер де отбасында екі және одан да көп бала жастан І топтағы мүгедек болатын болса, жәрдемақы әрқайсысына төленеді. Егер де оларды бір емес, бірнеше адам бағып отыратын болса, тек бір адамға төленеді", - деп айтты департамент директорының орынбасары Балжан Баяхатова.

Жәрдемақының бұл түрін шамамен еліміз бойынша 14 мыңнан астам отбасы алады. Айта кетейік, қамқоршыларды жылына екі мәрте ауыстыруға рұқсат бар. Сондай-ақ олар бірге немесе жақын маңда тұруға міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1742212-i-toptagy-mgedekterdi-kamkorsylaryna-zrdemakyny-zaa-tri-engizildi/

pixel