Теңге бағамы долларына 353 теңгеге дейін түсіп кетті
Опубликовано:
Таңертеңгілік сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 353,53 теңгені құрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұлттық валюта сегізінші тамыздағы күндізгі сауда қорытындысымен салыстырғанда бес теңгеге дейін әлсіреген. Ол кезде төл теңгеміз долларына 348,98 болған еді.
Айта кетсек, ресейлік мамандар теңгенің долларға шаққанда 400-ге дейін әлсірейтінін болжаған болатын. Олар бұны таяу арада болуы мүмкін рубльдің құнсыздануымен байланыстырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1746605-tege-bagamy-dollaryna-353-tegege-dejin-tsip-ketti/