АҚШ антиресейлік санкцияның Қазақстанға әсер етпейтініне кепілдік берді
Опубликовано:
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Ресейге қарсы жарияланған санкциялардың Қазақстан экономикасына әсер етпейтінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Біз америкалық серіктестерімізбен жарияланған санкцияларға байланысты жақсы қатынас орнаттық. Олар бұл жағдайдың біздің экономикаға қатысы болмайтынына кепілдік берді" , - деді Сүлейменов.
Соған қарамастан Қазақстан Ресей үкіметімен қарым-қатынасын жалғастыра береді.
"Осы мәселеге байланысты біз Ресей үкіметімен экономикалық тұрғыда жақсы диалог құрдық. Бұл санкцияның Қазақстан экономикасына әсер етпейтіні анық", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1747438-aks-antiresejlik-sankciany-kazakstanga-ser-etpejtinine-kepildik-berdi/