Назарбаевтың немересі Стэнфорд университетін бітірді
Опубликовано:
Қазақстандағы ірі кәсіпкер Нұрәлі Әлиев АҚШ-тың Стэнфорд университетінің түлегі атанды. Елбасының немересі беделді жоғарғы оқу орнын тәмамдағаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Нұрәлі Әлиев оқу барысында алған білімі мен керемет тәжірибесі үшін курстастары мен жетекшілеріне өз алғысын білдірді.
Ол Стэнфорд университетінің қабырғасындағы білім алу кезеңін естен кетпес уақытқа теңеді.
"Мен көп нәрсені үйрендім. Алған білімімді өз бизнесімде қолданатыныма қуаныштымын", - деп жазды Нұрәлі Әлиев.
Айта кетейік, 33 жастағы Нұрәлі Әлиев Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университеттің экономика факультетін аяқтаған болатын. Оған қоса, президент немересі Австрия мен АҚШ-та да оқыды. Ол іскерлік әкімшілік бойынша магистр дәрежесін иемденген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1747445-nazarbaevty-nemeresi-stenford-universitetin-bitirdi/