Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағадиев Астана әкімі болып тағайындалған Сұлтанов туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елорда әкімі болып тағайындалған Бақыт Сұлтановқа қатысты пікірімен бөлісті. Ол бұрынғы қаржы министрінің жаңа лауазымы жөнінде өз ойын айтып, әріптесі үшін қуанышты екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов Фото: Atameken Business Channel. Ерлан Сағадиев. Фото: primeminister.kz
Бақыт Сұлтанов Фото: Atameken Business Channel. Ерлан Сағадиев. Фото: primeminister.kz: UGC

Ерлан Сағадиев үкімет отырысы аяқталған соң, журналистердің сұрақтарына жауап беру барасында Астана әкімі болып тағайындалған бұрынғы қаржы министрі туралы пікір білдірді.

"Сұлтанов - өте керемет адам, таптырмас басқарушы. Оның үстіне ол жақсы әкімші әрі мықты саясаткер", - деп айтты министр.

Оған қоса, Сағадиев Бақыт Сұлтанов үшін өте қуанышты екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елорда әкімі қызметіне ауысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1752078-sagadiev-astana-kimi-bolyp-tagajyndalgan-sltanov-turaly-pikir-bildirdi/

pixel