Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезияда табиғи апат салдарынан болған орны толмас қазаға көңіл айтты. Елбасы Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтып, жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Президенттің ресми парақшасынан
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Президенттің ресми парақшасынан: UGC
Жеделхатта: "Индонезиядағы халықтың қазасына қайғыра ортақтасып, барша Қазақстанның және жеке өзімнің атымнан сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазылған.

Айта кетейік, Индонезияда болған табиғи апат салдарынан 832 адам қаза тапқан болатын. Елдегі билік зардап шегушілерге 37 млн доллар бөлетінін айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиғадан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1755432-nrsltan-nazarbaev-indonezia-prezidentine-kil-ajtty/

pixel