Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де ауылдың жігітімін": Назарбаевтың мұрағаттағы видеосы жарияланды

Опубликовано:

Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында президенттің 1993 жылы Ақтөбеге барған сапарынан мұрағаттағы видео жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Видеода Нұрсұлтан Назарбаев шаруалар еңбегіне баға беріп, бидай егістігін аралап жүр.

Сондай-ақ, елбасы ауыл шаруашылығын жүргізіп отырған тұрғындармен әңгімелесіп, оларға өз кеңесін айтқан.

"Сіздер қалай өмір сүрмекшісіздер? Бұрын Кеңес одағы болды. Біз сол үшін жұмыс істедік. Тапсырысты жасап, жіберіп отыратынбыз. Енді болды, Қазақстан мемлекеті ретінде егістіктегі осынша шығынмен алға жылжи алмаймыз. Сіздер нағыз қожалық иесі болу үшін бірнәрсені үйрену керексіздер.

Мен адамдардың бай болғанын қалаймын. Өзім де ауылдан шыққанмын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758021-men-de-auyldy-zigitimin-nazarbaevty-mragattagy-videosy-zarialandy/

pixel