"7-20-25" бағдарламасымен үй алу үшін айлық көлемі қанша болуы керек?
Опубликовано:
Ұлттық банк мемеклеттік "7-20-25" бағдарламасымен пәтер алушының жалақысы қанша болу керек деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Данияр Ақышевтің айтуынша, 10 миллион теңгеге пәтер сатып алатын болсаңыз, бастапқы жарна 2 миллион теңге болады. Ал одан кейін ай сайынғы төлем 57 мың теңге.
"Осыған сәйкес, Қазақстан азаматы банктен пәтерлі болуға келісім алу үшін шамамен 120 мың теңге айлық алуы тиіс. Себебі ереже бойынша ай сайынғы еңбекақы несие төлемінен екі есе көп болуы керек", - дейді ол.
Ұлттық банк басшысы "7-20-25" бағдарламасын сәтті жүзеге асыру қазақстандықтардың төлем қабілеттеріне тікелей байланысты екенін де айтып өтті.
Сондықтан үкімет болашақ қарыз алушылардың қаржылай мүмкіндіктерін арттыруға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758154-7-20-25-bagdarlamasymen-j-alu-sin-ajlyk-klemi-kansa-boluy-kerek/