Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Дұрыс қартая білу керек

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі қоғам өкілдерімен кездесті. Ақсақалдармен жүздесу барысында ол дұрыс қартая білу қажеттігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: theworldnews.net
Фото: theworldnews.net: UGC
"Дұрыс қартая білу керек. Ал дұрыс емес қартаю дегеніміз -"Әйелім жақсы болғанда мен мықтырақ болар ем, достарым мықты болғанда менде бәрі керемет болар еді, билік кедергі болмағанда мен тіпті жақсы болар ем" деп айтып отыру. Бұл - жаман шал.
Жақсы шал: "Осы күнге жеткеніме Аллаға шүкір. Балаларымды тәрбиеледім, өмір көрдім және қазір денсаулығым жақсы. Менің елім мен халқым тыныш, бейбітшілікте өмір сүре берсін" деп айтады" ,- деді елбасы.

Ол Қазақстанда барлығы халықтың тыныш әрі бейбітшілікте өмір сүруі үшін жасалатынын айтты.

"Әлемдік діндер съезі бізде неге өтті? Себебі, бізде дінаралық, конфессияаралық және ұлтаралық келісім бар. Адам, ең бірінші - адам. Ал ұлты жайлы ол кейін ата-анасынан біледі. Ең бастысы, басқа адамды түсіну",- деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Әбішұлы 15 қазан күні Ақтөбе қаласына ресми іс-сапармен барған.

Ол бірнеше нысандарды аралап, шенеуніктердің жолдауға қатысты бірқатар есептерін тыңдап кетті.

Сондай-ақ, Назарбаевқа есімі жазылған хоккей жейдесін сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758187-nazarbaev-drys-kartaa-bilu-kerek/

pixel