Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аграрлық несие корпорациясының" басқарма төрағасының орынбасары ұсталды (видео)

Опубликовано:

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары ұсталды. Ол сыбайлас жемқорлық жасады деп күдіктелуде деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Агенттік баспасөз қызметінің мәліметінше, басқарма төрағасының орынбасары қарамағындағы қызметкерлерге есептелген сыйақы көлемінің 50 пайызын пара ретінде қызметте жалпы қамқорлық жасағаны үшін алып отыру бойынша қылмыстық схема дайындаған.

Қазіргі таңда, оның қарамағындағы қызметкерлері, яғни Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы филиал басшыларынан берілген сыйақыларды қайтарып беру түріндегі 720 000 теңге пара алу фактісі анықталды.

Алынған қаржының жалпы көлемі анықталуда.

Сол күні ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сонымен бірге, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Облыстық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро аталған шенеунікке қатысты жүйелі түрде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

"Күдікті 2017-2018 жылдар аралығында кәсіпкерден автокөліктерді жалға алу туралы келісімшартты ұзарту, іс-жүзінде орындалмаған қызметтер үшін жалған атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қою және жалпы қамқорлығы үшін жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 300 000 теңгеге тең пара алу фактілері анықталған.

Тергеу жалғасуда", - делінген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758240-agrarlyk-nesie-korporaciasyny-baskarma-tragasyny-orynbasary-staldy-video/