Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бергей Рысқалиев 71 миллиард теңге жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Атырауда облыстың бұрынғы әкіміне қатысты сот басталды. Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары қыруар қаражатты жымқырғаны үшін айыпталуда. Алайда, сот күдіктілердің қашып жүруіне байланысты сырттай өтеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: suncar.kz
Фото: suncar.kz: UGC

Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары 8 бап бойынша айыпталып отыр. Оларға қылмыстық топ құрды, мемлекетке тиесілі қаржыны ұрлады деген айыптар тағылған.

Іске қатысты сегіз адам сырттай сотталып жатыр. Олардың қатарында облыстың бұрынғы әкімінің туған інісі әрі мәжілістің бұрынғы депутаты - Аманжан Рысқали бар.

Оған қоса істе оның күйеубалалары Рүстем Әлбақасов пен Ерболат Ізбасаров та күдіктілер ретінде өтіп жатыр.

Атыраудағы шенеуіктерге қатысты іс 754 томнан тұрады. Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарын бес адвокат қорғауда. Олардың жымқырған қаражаттың мөлшері шамамен 71 миллирд теңгенің төңірегінде.

Айта кетейік, оқиғаға қатысты айыпталғандарға сот үкімі 2014 жылы шығып, топтың көптеген мүшелері бірнеше жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі таңда олардың кейбірі жазасын өтеп, бостандыққа шығып та үлгерген.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758768-bergej-ryskaliev-71-milliard-tege-zymkyrdy-dep-kdiktelude/

pixel