Қазақстан мен Өзбекстан ортақ виза енгізу туралы келіссөздер жүргізуде
Опубликовано:
Астанада Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктерінің консулдық мәселелер жөніндегі кеңесі өтті деп хабаралйды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз релизіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстан делегациясын консулдық қызмет департаментінің төрағасы Тауболды Үмбетбаев, ал Өзбекстан делегациясын консулдық-құқықтық департамент басшысының орынбасары Фариддин Насриев басқарды.
Шара барысында консулдық саладағы екі жақты қарым-қатынастың қандай күйде екені талқыланып, келіссөздер нәтижелері бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.
Кездесу барысында талқыланған мәселелердің бірі - екі елдің туризм саласын дамытуға ықпал ететін «Silk Road» («Жібек жолы») визасын енгізу еді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасына азиялық шенген визасын енгізу мәселесін алғаш рет ағымдағы жылдың маусым айында сенатор Дариға Назарбаева көтерген болатын. Оның пікірінше, бұл Орта Азияға қалталы туристердің қызығушылығын оятуға көмектесер еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1760045-kazakstan-men-zbekstan-ortak-viza-engizu-turaly-kelisszder-zrgizude/