Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алпамыс" жырын жатқа айтқан Бақытбек Смағұл жұртты таңырқатты (видео)

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл "Тұлпар мініп, ту алған" атты эстафетасына қатысып, "Алпамыс" жырынан үзіндіні жатқа айтып берді. Бейнежазба Instagram желісіндегі qazaq_epos парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Смағұл аталмыш эстафетаны Геннадий Шиповскийден қабылдап алған. Мәжіліс депутаты өз кезегінде оны ары қарай білім мен ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа тапсырды.

Желі оқырмандары Бақытбек Смағұлдың әсерлі түрде өлең оқығанына тәнті болып, депутатқа мақтау сөздерін жаудырған.

Айта кетейік, бұл эстафетаға ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1762343-alpamys-zyryn-zatka-ajtkan-bakytbek-smagl-zrtty-tayrkatty-video/

pixel