Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 160 мың теңге болды

Опубликовано:

Қазақстанда 11 айдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін өскен. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Көрнекі фото: tvrain.ru
Көрнекі фото: tvrain.ru: Facebook

Сүлейменовтің cөзінше, 2018 жылдың басынан бері 468 600 адам жұмысқа орналастырылған.

"Қазан айында жұмыссыздық 4,8%-ке төмендеді. Жалақы мөлшері қарқынды түрде өсіп келеді. Қаңтар-қазан айларында орташа жалақы 159,5 мың теңгеге дейін жетті. Нақты 2,2% өсіп отыр", — деді министр.

Сондай-ақ, министр жалпы ішкі өнімнің үш ай ішінде 4,1% деңгейінде сақталып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, экономиканың өсуіне жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік әсер еткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1767987-kazakstanda-ortasa-zalaky-mlseri-160-my-tege-boldy/