Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрі құны 50 млн тұратын пәтер жайында өз пікірін білдірді

Опубликовано:

Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов Павлодар облысының әкімдігі қызметтік мақсатта 50 млн теңгеге сатып алған пәтер туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: arnapress.kz
Фото: arnapress.kz: Facebook

Министр бұл мәселені жергілікті бюджетті жоспарлайтындарға, атап айтқанда, осы облыстың әкімдігіне жіберу керек екенін айтты.

"Кез келген сатып алу конкурстық негізде, ашық болуы тиіс деп санаймын. Егер сіз тауар, жылжымайтын мүлік сатып алсаңыз, онда бұл мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылуы тиіс және бүгінгі күнгі нарықтық бағалар ұсынылуы тиіс", - деп толықтырды Смайылов Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Қаржы министрі өңірдегі бағаны және жылжымайтын мүлікке салынатын параметрлерді білмейтінін, бірақ бәрі ашық болуы тиіс екенін атап өтті.

Одан бөлек, журналистер әкімдіктерде қымбат бағалы мүлік сатып алу кезінде қандай да бір қаржылық лимиттер бар ма деп сұрады.

"Мүмкін, бұл сұрақты түрлі бағыттар бойынша шығындарды бекітіп, сол нормативтерді ұстау міндеттелген Павлодар облысы әкімдігіне қою керек шығар",- деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар әкімі құны 50 млн теңге тұратын пәтер үшін сөгіс алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1768023-karzy-ministri-kny-50-mln-tratyn-pter-zajynda-z-pikirin-bildirdi/

pixel