Сәкен Мұсайбеков Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылды
Опубликовано:
Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарған Сәкен Мұсайбеков қызметінен өз еркімен кетуге өтініш берген деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков берілген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Tengrinews.kz-тің мәліметінше, Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы қызметіне тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1775750-sken-msajbekov-mdeniet-zne-sport-vice-ministri-lauazymynan-bosatyldy/