RU

Cерік Сапиев депутаттық қызметтен бас тартты

Олимпиада чемпионы атанған отандық боксшы, Парламент мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

фото: Серік Сәпиевтің жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ
фото: Серік Сәпиевтің жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ: Instagram

Орталық саулау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешевтің сөзінше, атақты боксшы депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берген.

Сол үшін Сәпиевтің өкілеттілігін уақытынан бұрын тоқтату туралы құжатты барлық депутаттар бірауыздан қабылдады.

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестері атынан спортшыға алғысын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1775801-cerik-sapiev-deputattyk-kyzmetten-bas-tartty/