Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев үкіметтің қорқақ екенін айтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті ел үкіметін қорқақ деп айыптады. Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, дүниежүзі банкрот болу арқылы экономиканы жандандырып отырса, Қазақстан банкрот болудан қорқады деп жазады NUR.KZ.

etoday.kz
Фото: etoday.kz: Facebook
"Банк құрылады, адамдар сеніп ақшаларын алып келеді. Квазигосектор ақшаны салады, содан кейін сол акционерлердің өздері қаржыны ұрлай бастайды. Бұл үшін оларды түрмеге отырғызатын заң жоқ. Әлем бойынша солай. Олар қашады, біз қуамыз", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Осыдан кейін президент Данияр Ақышевке бұрылып "басыңмен жауап бересің", - деді.

"Банк жұмыс істеп жатқанда акционерлер ақшаны жымқырмауын қадағалау керек. Бұл не сұмдық? Көз алдымызда ұрлап жатады. Біз қайда қарап отырмыз?", - деп ашуланды президент.

Елбасының айтуынша, экономиканы банкрот болатындардан тазартпай, біз дами алмаймыз.

Президент үкімет компанияларды банкротка ұшыратуға қорқатынын мәлімдеді.

"Банк ақша бермейді дейді. Кімге береді? Неден қорқамыз? Банкротқа ұшырау институты әртүрлі мемлекеттерде кеңінен таралған нәрсе. Сендер үкімет пен министрлер емес - қорқақтарсыңдар. Аяқ-қолдарың қалтырайды", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1775888-nazarbaev-kimetti-korkak-ekenin-ajtty/

pixel