RU

Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

Алексей Калайчиди Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Алексей Калайчиди (ортада). Фото: prokuror.gov.kz
Алексей Калайчиди (ортада). Фото: prokuror.gov.kz: UGC
"Мемлекет басшысының Өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ал осы қызметті атқарған Берік Байболұлы Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты президенттің Өкімімен ІІМ орынбасары қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1775945-iski-ister-ministrini-orynbasary-tagajyndaldy/