RU

"Басқа проблемалар жетеді": Тоқаев Қазақстан атауын өзгерту жайлы ойын айтты

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының атуын Қазақ Республикасы деп өзгертуге қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: twitter.com/TokayevKZ
Фото: twitter.com/TokayevKZ: Twitter
"Бізде "Қазақстан"сөзі бар ғой. Бізге бұл жеткілікті. Не үшін керек? Ел атауы Қазақстан Республикасы болып қалу керек" , - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, спикер мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасы атынан көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойылғанын алға тартты.

"Қазақстанның атауын өзгертуге еш негіз де, себеп те жоқ. Басқа проблемалар жетеді" , - деді сенат төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін Азат Перуашев премьер-министрге Қазақстанның атауын Қазақ Республикасы етіп өзгертуді ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1776085-baska-problemalar-zetedi-tokaev-kazakstan-atauyn-zgertu-zajly-ojyn-ajtty/