Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қағазсыз, үстелсіз": Өскемен әкімі халыққа ерекше есеп берді (фото)

Опубликовано:

Өскемен әкімі Жақсылық Омар биылғы жылғы халыққа есеп беру кешін ерекше өткізді. Әкімді бұл жолы жүргізуші мінберге құрметпен шақырмаған. Ал қала басшысы үстелге отырмай, тұрғындарға слайд арқылы есеп берген деп жазады Алтайнюс.

Жақсылық Омар. Фото:Азамат Қасым/kaz.altaynews.kz
Жақсылық Омар. Фото:Азамат Қасым/kaz.altaynews.kz: Instagram

Сондай-ақ әкім слайдтың барлығын латын тілінде жазған.

Өзінің бір жылдық жұмысын қос тілде түсінікті етіп жеткізген қала әкіміне көпшілік ризашылығын білдірген.

Бір жарым сағатқа созылған жиынға ЖМК ықшам ауданы, Куленев, Жыланды кенттері мен қаланың сол жағалау бөлігі тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған сауалға жауап алған.

Айта кететіні, Өскемен әкімі енді Меновное ауылында Прудхоз, Самсоновка, Новотроицкое, Ахмер және 28 тұрғын ауданы тұрғындарымен кездесіп, есеп беріп, тұрғындардың түйткілді мәселелеріне назар аудармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1776968-kagazsyz-stelsiz-skemen-kimi-halykka-erekse-esep-berdi-foto/

pixel