RU

Ішкі істер министрі ауысты: Қасымовтың орнына Тұрғымбаев келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қалмұханбет Қасымовтың орнына Ерлан Тұрғымбаевты ішкі істер министрі етіп тағайындады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ішкі істер министрі ауысты: Қасымовтың орнына Тұрғымбаев келді
Ерлан Тұрғымбаев: UGC
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - деп мәлімделген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғымбаевты "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойған.

"Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1778186-iski-ister-ministri-auysty-kasymovty-ornyna-trgymbaev-keldi/