Жомарт Ертаевты тергеу изоляторынан шығармай қойды
Опубликовано:
RBK банкі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаев өзін қамауға алуға қатысты апелляциялық шағым түсірді. Алайда, мәскеулік сот оны қанағаттандырмай қойған деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Соттың мәлімдеуінше, кәсіпкерді қамауда ұстау уақытын ұзарту жайлы қаулы өткен жылдың 25-ші желтоқсанында шыққан.
Оған сәйкес, Ертаев тергеу изоляторында 26-шы маусымға дейін болмақ.
Кәсіпкер апелляцияға бергенімен, сот оның шағымын қанағаттандырмай өзгеріссіз қалдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1778493-zomart-ertaevty-tergeu-izolatorynan-sygarmaj-kojdy/