Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің бай-бағландары: Назарбаевпен кездескен миллиардерлер жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев ресми кездесулерін тек қана ел басшылары мен шенеуніктермен ғана емес, ауқатты кәсіпкерлермен де өткізіп тұрады. Осыған орай NUR.KZ порталы Қазақстан президентімен кездесіп, тілдескен әлемдегі ең бай адамдадың топтамасын жасап шығарды.

МГИМО түлектерімен кездесу. Фото: NUR.KZ
МГИМО түлектерімен кездесу. Фото: NUR.KZ: UGC

Патох Шодиев

Фото: CA-News
Фото: CA-News: Facebook

Forbes-тің мәлімдеуінше, Патох Шадиевтің байлығы 3,7 млрд долларды құрап отыр.

Оған қоса, ол белгиялық миллиардерлер арасында топ жарып, бірінші орынды иеленген. Себебі, Шадиев Бельгияның азаматтығын алған.

Патох Шодиев Нұрсұлтан Назарбаевтің МГИМО түлектерімен өткізген кездесуіне шақыртылған болатын.

Елбасы ресейлік оқу орнының деңгейін жоғары бағалап, мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Джек Ма

Фото: 24СМИ
Фото: 24СМИ: Facebook

"Alibaba Group" корпорациясының негізін қалаған аса бай қытайлық кәсіпкердің байлығы 35,8 млрд долларға бағалануда.

Бүгінде ол Қытайдағы ең бай адам болып саналады. Ал әлемдік тізімде Джек Ма 18-ші орынға орныққан.

Назарбаев бұл кәсіпкермен G20 конференциясы барысында кездескен. Астанаға қайтып келген соң, президент Джек Мадан өз мегакомпаниясын қалай құрғанын сұрап білгенін жеткізді.

Оған қоса, мемлекет басшысы оған бұл тәжірибені Қазақстанға енгізуді ұсынған.

Онг Бенг Сенг

Онг Бенг Сенг. Фото: blog.spiking.com
Онг Бенг Сенг. Фото: blog.spiking.com: UGC

«Hotel Properties» компаниясның негізін қалаушы Сингапурдың ең ауқатты 50 адамының қатарына кіреді.

Оның байлығы 1,7 млрд долларды құрайды. Оған қоса, ол - Сингапурдағы Four Seasons және Hilton қонақ үйлерінің иесі.

Он Бенг Сенг Нұрсұлтан Назарбаевпен туризм саласындағы серіктестік жайлы тілдесіп, екі ел арасында ортақ жобаларды іске асыруды талқылаған.

Ротшильд әулеті

Фото: mshanken.com
Фото: mshanken.com: UGC

2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев аса танымал Ротшильд әулетінің мүшесімен кездесу өткізді.

Қазақстанға келген Эрик Ротшильд еліміздің Ұлттық банкінің мәселесіне қатысты тәжірибесімен бөліскен.

Ротшильд отбасы нағыз байлық сөзінің синонимі іспеттес болып кеткен.

Себебі бұл жанұяға «Rothschild & Co» қаржылық-холдингтік компания тиесілі. Оның активтерінің үлесі шамамен 9 млрд долларды құрайды.

Николаус Кнауф

Фото: archi.ru
Фото: archi.ru: UGC

Николаус Кнауфпен Нұрсұлтан Назарбаев Германияның іскери шеңберінің өкілдері келген кезде кездесті.

Неміс делегациясы қазақстандық билік өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізген.

Николаус Кнауф - құрылыс материалдарды жасап шығаратын аса танымал «Knauf» компаниясының иесі. Олар құрылысқа қажетті заттарды әлемнің 200-ге жуық елінде жасайды. Компанияның жылдық табысы алты млрд еуроға тең.

Стив Уинн

Фото: businessinsider.com
Фото: businessinsider.com: UGC

77 жастағы америкалық кәсіпкер - казино және қонақ үйлер саласында аса танымал тұлға. Сонымен қатар, Стив Уиннді өнер туындыларын жинаумен айналысатын адам ретінде де біледі. 2017 жылы оның байлығы 3,4 млрд долларды құрады.

2018 жылы Уинн өзінің Wynn Resorts жекеменшік компаниясын сатып жіберуге мәжбүр болып, оның байлығы 740 млн долларға азайып қалды. Алайда оған қарамастан ол әлі де миллирдерлер қатарында тұр.

Стив Уинн мен Назарбаевтың кездесуі бірнеше жыл бұрын Ақордада өткен.

Ол жерде Қазақстандағы туризм мен қонақ үй кәсібінің дамуы талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1778791-lemni-baj-baglandary-nazarbaevpen-kezdesken-milliarderler-zajly-ne-bilemiz/

pixel