Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов еліміздегі ауруханалардың былығын әшкереледі

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі ауруханаларда кездесетін олқылықтарды ашып айтты. Министр ауруханаға шұғыл жеткізілген науқастың дәлізде кезек күтіп жататынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото:Zakon.kz
Елжан Біртанов. Фото:Zakon.kz: Instagram
"Шұғыл жағдайда ауруханаға жеткізілген науқастардың ауруханаға айтатын шағымы көп. Шағымдардың басым бөлігін жоспардан тыс жағдайлар құрайды. Дөрекілеу айтсақ - бейберекетсіздік. Қабылдау пунктіне жеткізілген адамдар дәрігерді күтіп, дәлізде каталкада жатады. Меніңше, мәселе анық! Оны жасырмай айту керек", - деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ Біртанов шұғыл көмек көрсетудің үш Н жүйесін енгізіп жатқанын айтты. Аталған жүйе бойынша науқастарды қабылдау бөлмесі халықаралық стандарттарға сәйкес 3 аймаққа бөлінбек.

Министр еліміздің бірнеше аймағында шұғыл көмек керек науқастарды сол күні жұмыс істейтін ауруханаға ғана жеткізетінін айтты. Біртановтың мәліметінше, бұл заңсыз.

Стандартқа сәйкес, жағдайы нашар науқасты жақын маңдағы көпсалалы ауруханаға жеткізу керек. Ал науқастың жағдайы тұрақтанғанда барып, оны басқа ауруханаға көшіруге болады.

"Денсаулық сақтау комитетіне мұндай заңсыз тапсырыстар туралы деректерді Бас прокуратураға беру туралы нұсқау бергім келеді", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1778908-birtanov-elimizdegi-auruhanalardy-bylygyn-skereledi/

pixel