RU

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын тағайындады

Павлодар облысының әкімдігінде жаңа тағайындалулар орын алды. Енді облыс әкімінің инвестиция, өндіріс және кәсіпкерлік мәселелері бойынша орынбасары Қайрат Нүкенов болды. Ал облыс басшысыынң ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары ретінде Рүстем Құрманов тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сатйында хабарланды деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нүкенов пен Рүстем ҚұрмановНукенов. Фото: pavlodar.gov.kz
Қайрат Нүкенов пен Рүстем ҚұрмановНукенов. Фото: pavlodar.gov.kz: Facebook

Павлодар облысының әкімі жиналыс барысында өз әріптестеріне жаңа орынбасарларын таныстырып өтті. Олар басқа жұмысқа ауысқан Жайық Шарабасов пен Дәурен Махажановтың орнына келді.

Енді Қайрат Нүкенов облыстың инвестиция, өндіріс және кәсіпкерлік мәселелеріне жауап беретін болады. Рүстем Құрманов болса, акгроөнеркәсіптік комплекс саласында қызмет етеді.

Бұл тағайындалуға дейін Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Рүстем Құрманов орынбасар болмай тұрып, "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингінің басшысы болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1778966-pavlodar-oblysyny-kimi-zaa-orynbasarlaryn-tagajyndady/