Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой Президент басқармасы Медорталығының басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Алексей Цой Қазақстан Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ҚР Президент істері басқармасы баспасөз қызметі
Фото: ҚР Президент істері басқармасы баспасөз қызметі: UGC

Хабарламада айтылғандай, Цой - медицина және басқару саласындағы жоғары дәрежелі маман. Оның медициналық және заңгерлік білімі бар, әкімшілік іс жүргізу докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Sels College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және Халықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының жоғары корпоративтік басқару мектебін және Халықаралық бизнес академиясының бітірген.

Ол өзінің еңбек жолын хирург-эндоскопист болып бастаған.

2007 жылдан 2010 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығын басқарды.

Ал 2010-2011 жылдары "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы" ММ бастығы болған.

Ол 2011 жылдан 2014 жылға дейін-Астана қаласы №1 қалалық аурухананың бас дәрігері, 2014 жылдан бастап-ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779352-aleksej-coj-prezident-baskarmasy-medortalygyny-bassysy-bolyp-tagajyndaldy/

pixel