RU

Бақыт Сұлтанов балаларымен бірге үй тапсырмасын орындайтын болып шықты

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бүгінгі есептік кездесуінде көп балалы аналардың балаларын оқыту мәселесін қалай шешетінін мәлімдеді. Шаһар басшысы аталмыш мәселені шешу үшін, арнайы "продленкалар" ұйымдастырылатынын атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: elorda.info
Фото: elorda.info: Depositphotos
"Бұл мақсатта аталмыш жобаны іске асыратын коммерциялық ұйыммен бірге жұмыс істемекпіз. Олар еріктілер ретінде студенттерді, сондай-ақ ақы төленетін мамандарды жұмысқа тартатын болады. Бұл жобаға көп балалы отбасылар мен жеңілдікті қажет ететін санаттағы отбасылардың балалары тартылатын болады", - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы үй жұмысын орындау қазіргі таңда балаға да, ата-анаға да қиынға соғатынын атап өтті.

"Мен өз басым ата-ана ретінде балаларыма үйге келіп, үй тапсырмасына көмектесуге мәжбүр боламын. Қазіргі бағдарламалар соны талап етеді. Бұл жобамен бір оқпен екі қоянды аттық деп айтуға болады. Үлкен балалар үй тапсырмасын продленкаға барып орындайтын болса, кішілері үйде ата-аналарымен болады", - деді қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779598-bakyt-sltanov-balalarymen-birge-j-tapsyrmasyn-oryndajtyn-bolyp-sykty/