Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байбекке "бата" берген ақсақал оған сұрақ қоюды доғаруға шақырды

Опубликовано:

Алматы әкімінің оңтүстік астана тұрғындарымен өткізген есеп беру отырысында халық тұрмыс пен өмір сүру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды. Кездесу үш сағатқа жалғасқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Байбек
Бауыржан Байбек: Facebook

Алматы әкімі есеп беру отырысын өз дәрежесінде өткізіп, өзіне қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді.

Кездесу соңында зал босап, шаршаған жандар орындарынан тұрып, кете бастады.

Тағы бір сұрақтың кезегі келгенде микрофонға алматылық ақсақал жақындап, әкімді мақтай бастады.

"Нақты сұрағыңызды қойыңызшы, өтінемін", - деп тоқтатты оны Байбек.

Алайда, әкімнің сөзін естімегендей болған қарт өз сөзін жалғастыра берді.

"Құрметті, Бауыржан Қыдырғалиұлы. Сіз өз жұмысыңызды өте жақсы атқарып жүрсіз. Мен сізге "батамды" берем, балам. Сұрақ қоюды доғарайық", - деді ақсақал.

Байбек ақсақалға тағы бір-екі сұрақ қоюға мүмкіндік беруін сұрады. Осылайша, есеп беру отырысы соңына жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779634-bajbekke-bata-bergen-aksakal-ogan-srak-koudy-dogaruga-sakyrdy/

pixel